Талдықорғанда «Шырақ» деп аталатын әлеуметтік қысқаметражды роликтердің байқауы қорытындыланды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған биылғы байқауға Алматы облысының әр өңірінен 12 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Тақырыптары сан түрлі. Үміткерлер махаббат, отанға деген сүйіспеншілік, өнер-білімге құштарлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сынды мәселелерді негізге алған. Әуесқой бейнекамерамен түсірілгеніне қарамастан әр роликте айтар ойды бейнелі жеткізуге деген құштарлық бар. Жас режиссерлардың мұндай ізденістерінен үлкен үміт күтуге болады,-дейді байқауды ұйымдастырушылар.

 

 

 

Сурет: inter.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер