«Қазақфильм» киностудиясы атақты әнші Әміре Қашаубаев туралы «Әміре» атты көркем фильмді түсіруге кірісті. 36 жасар әнші  Парижде 1925 жылы өткен EХРО бүкіләлемдік музыкалық байқауында домбырамен ән айтып, II орын және күміс медаль иегері болған. Туындыда Әміре Қашаубаевтың қысқа да жарқын, белгісіз жағдайда  ерте үзілген өмірі туралы баяндалады. Сондай ақ Әміре мен Мұстафа Шоқайдың шытырман кездесуі, әншінің композитор  Джордж Гершвинмен  танысуы, одан соң туған жеріне оралғанда басынан өткерген сынақтары жайлы әңгімеленеді. Фильмде Әмренің  атақты “Балқадиша”, “Дударай”, “Жалғыз арша”, “Бес қарагер” сияқты әндері орындалған. Фильмнің еуропадағы сахналары Латвияда түсірілмекші. Әміренің рөлін қазақстандық актер Санжар Мәдиев, ал Мұстафа Шоқайдың бейнесін Еркебұлан Дайыров сомдайды. Сонымен қатар фильмде танымал британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) бен америкалық  актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) рөлдерді сомдайды. Киносценарий авторы - Бенжамин А. ван дер Вин. Ал тарихи кеңесші – Әміре Қашаубаев туралы бірнеше кітаптың авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімов. Халықаралық түсірілім тобына  америкалық  қоюшы режиссер - Джеф Веспа (Jeff Vespa) басшылық етуде. Фильм халықаралық прокатқа 2017 жылы шығарылады деп жоспарланған. 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер