Небір аса қауіпті трюктерді өзі орындайтын Джеки Чан қайтпас қайсар актер атанып кеткен. Тіпті жасы егделеп қалса да Джекиге ештеңе кедергі бола алар емес. Телеарналардың бірі қытайлық актердің киноға арналған Сидней опера театрының шатырындағы айқасын түсіріп алды, деп жазды Казинформ.

 

Джекидің әріптесі Тесс Хаубрич биік ғимарат төбесінде сақтандыру арқанымен  бекітілсе, ал өзі ешбір сақтандырусыз шыққан. Театрдың биіктігі 67 метр шамасында.

 

Журналистер бұл түсірілім Джекидің жаңа ғылыми фантастикалық Bleeding Steel фильмі болуы мүмкін деп отыр.

 

Сурет: Казинформ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер