Әйгілі француз режиссері Режис Гезельбаш Жібек жолы жайлы фильм түсірмек. Түсірілімнің бір бөлімі Қазақстанда өтеді. Бұл жайлы Семейдегі Шәкәрім атындағы университетте өткен кездесуде режиссердің өзі баяндады. Болашақта университет жанынан өнер мектебі ашылып, өзі сонда кеңесші болмақ.  Осы жолы оған оқу орнының профессоры атағы берілді. Режис Гезельбаш біздің елімізге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы түсірген фильмдер циклімен танымал. 

 

Режис ГЕЗЕЛЬБАШ, РЕЖИССЕР:

Жібек жолы жайлы фильмінің бір бөлігі Қазақстан түсірілуі мен үшін бақыт! Таспада Еуропа мен Азияның арақатынасы баяндалады. Қазақстан өте үлкен аумақты алып жатқан ел.  Сіздерде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

 

 

 

Сурет: www.arnapress.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер