Өзбекстандықтар әр айдың үшінші жұмасы көліксіз жүруі мүмкін

Өзбекстандықтар «Көліксіз күн» акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мақсаты – шаһарлардағы ауаны ластау деңгейін төмендетіп, экологиялық ахуалды жақсарту. Заң шығару палатасы депутатының айтуынша, бастама халықтан қолдау тауып жатса, бір күн жаяу жүруге дайын.  

ЖАМШИД ПИРМАТОВ, ӨЗБЕКСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл жерде бірінші арнайы мониторинг жүргізіледі. Екіншіден, халықтың пікірі толық ескерілетін болады. Негізінен сараптама аудан және қала орталықтарында көлік нөпірі көп шоғырланған базарлар мен бизнес орталық алдында жүргізіледі. «Көліксіз күн» шарасына әркім өз қалауымен ат салыса алады. Еркіндік беріледі. Біз осылайша бір күн болса да көлік нөпірін азайтсақ, бұл өте тиімді болмақ.

Өзбекстандықтар әр айдың үшінші жұмасы көліксіз жүруі мүмкін. Экономикасы  екпін алып келе жатқан көрші елде жыл санап көлік саны да еселеп  артуда. Бүгінде бір ғана Ташкентте миллонға жуық темір тұлпар бар. Қырық жылдан астам темір тұлпар тізгінінде жүрген Ғани Абдуллаев айына бір күн жаяу жүру құптарлық іс деуде.

ҒАНИ АБДУЛЛАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

- 75 жылдан бері көлік жүргіземін. Қазір көлік нөпірі бірнеше есе артып кетті. Үкіметтің «көліксіз күн» деген бастамасы менің ойымша өте дер кезінде көтерілген ой деп білемін. Біріншіден, әсем қаламыздың экологиясы жақсарады. Екіншіден, жаяу жүру денсаулыққа пайдалы.

Жалпы, Өзбекстанда халықтың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылған. Мысалы, саяхатшылар көп келетін Самарқанд, Бұқара, Хиуа сияқты қалаларында арнайы туристтік полиция тобы жасақталған.