Қырғызстан шаруалары егін науқанына кірісті

Қырғызстан шаруалары егін науқанына кірісті. Алғашқылардың бірі болып аравандық диқандар анар жинау жұмысын бастады. Дәмі өзгеше, салмағы бір келіден астам, жаңадан әкелінген Августа түрі диқандарды ерекше таң қалдырды.

Хаким-Шер Нодиров анар бақшасын 7 жыл бұрын еккен болатын. Қазір мұнда 300 түп өсіп тұр. Өткен жылы ол жиырма сотық жерден екі тоннадан астам астық жинады. Ал ағаштар осыдан үш жыл бұрын ғана өнім бере бастаған.

ХАКИМ-ШЕР НОДИРОВ, БАҒБАН:

- Анар өсіру мен үшін қуаныш. Оларды өсіру оңай емес. Анар ағашы өзгермелі ауа райына тұрақты, дегенмен қатты аяздарға төзімсіз. Анарды қалай күтсең, сонша өнім аласың. Өткен жылы ең үлкен анардың салмағы бір келіден артық болды. Олар өзгелеріне қарағанда 20 күнге ертерек пісіп жетіледі.

Жергілікті бағбандар анар өсірумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, мұнда жүзім мен інжір де бар. Алла Анаров елді-мекенінде барлығы 100 гектардан астам жер көлемі бау-бақша өсіруге бөлінген. Сонымен бірге бақша дақылдарын өсіру алаңдары жыл сайын көбеюде.

ШАХЗОДА НОДИРОВА, АРАВАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бау-бақшаларда, жеміс-жидек өсіру - негізгі табыс көзі. Жемістер бірінен соң бірі пісіп жетілуде. Мысалы, жүзімнің барлығы жиналып, сатылып үлгерген. Қазір інжірді сатуға шығардық. Келесі кезек анарда. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етсең, емерсің.

Ал қырғызстандық фермерлер Қазақстан, Ресей және Қытайға шығарылатын жеміс-жидектер экспортының есебінен түсім көлемі де артуда дейді.

АКРАМЖОН УКТАМОВ, АЛЛЯ АНАРОВ ЕЛДІ-МЕКЕНІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Көбіне өнімнің көп көлемі ішкі нарыққа шығарылады. Алайда соңғы 3-4 жылда экспортқа шығара бастадық. Енді жергілікті жемістер мен көкөністерді Қазақстан, Ресей және өзге елдерге шығару мүмкіндігі пайда болды.

Сонымен қатар Жалал-Абад облысында пісте өнімдері мол өнім берді. Жұмабек Сұлтанбаев күн сайын 10 гектар жерден бес килограммға дейін жаңғақ жинайды.

ЖҰМАБЕК СҰЛТАНБАЕВ, НООКЕАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

- Бұрында егін бітік шығатын. Дегенмен биыл, өнім өте жақсы шықты. Бір тоннаға дейін пісте жинаймыз деп отырмын.

Байқаудың шарты бойынша бір отбасына он гектар жер жаңғақ ормандарын өсіруге бөлінеді. Қошқар-Ата орман шаруашылығында 11 мың га жерге ағаш отырғызылған. Бүгінде оның  300-і жалға берілген. Айта кетейік, жалпы Жалал-Абад облысындағы 33 мың гектардан астам жерде жаңғақ ормандары бар.