Қырғызстанның Ош қаласы нан пісіру орталығына айналуда

Үшбұрышты, тік төртбұрышты, бесбұрышты. Қырғызстанның наубайшылары дәмі тіл үйіретін түрлі тандыр нандарын пісіруде. Соңғы жылдары Ош қаласы нан пісіру орталығына айналуда.

ИСЛАМ БОКИЕВ, НАУБАЙШЫ:

- Үлкен бәсекелестік бар. Сатып алушыларды тарту мақсатында міне осындай жаңашылдықтар ойлап табылуда. Мұндай түрдегі шелпектерді пісіру, әрине, қиындау. Бірақ, есесіне, оларды сату тезірек.

Нандардың түрлері әрқалай болғанымен, бағасы кәдімгі дөңгелек нандағыдай, айырмашылығы жоқ. Наубайханада сатып алушылар ұзын-сонар кезекке тұрады.

ДИЛЯБЗА  РОЗАХУНОВА, ОШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бұл нанның дәмі ерекше, тауарлық түрі де әдемі. Әдетте үйлену тойына, қонақ шақырғанда осындай шелпектерді сатып аламыз.

Мұнда күніне орта есеппен бір мыңнан астам нан пісіріледі. Арнайы тапсырыстар да болады. Ол кезде екі мыңға жуық тандыр наны дайындалады.

БОХОДИР БОЙДИДАЕВ, НАУБАЙШЫ:

- Бір тандырға 80 шелпек сыяды. Бізде екі тандыр пеші бар. Бес минут ішінде 160 тандыр наны пісіріледі. Нан дәмді болу үшін қамырға сүт, май қосамыз.

Ошта тандыр наны сатылатын арнайы ондаған орын бар. Олардың ең танымалы оңтүстік-шығыс қақпадағы қалаға кіребірісте орналасқан. Мұнда сүтті, мерекелік, патира - күлшенің 30-ға жуық түрін кездестіруге болады. 

МУТАБАР ЮСУПОВА, ОШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Қазір үйлену маусымы, сондықтан сауда қызу жүріп жатыр. Ош наны – өңірде ең дәмді. Сондықтан бізге аудандардан арнайы келіп сатып алады. Бағасына, көлеміне, түрлеріне қарай таңдау үлкен.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінгі таңда Ош қаласында 76 наубайхана бар. Күніне мұнда 60-тан аса нан  пісіріледі.