Көшпенділер ойыны: Асық ату мен ат спорты

Асық ату - Ұлы даланы мекендеген халықтардың арасында аса кеңінен тараған көне ойындардың бірі. Әрбірінде түрліше аталғанымен мән-мағынаысы бір. Тігілген асықтарды қағып түсіру қажет. Ең қызығы, бұл жолғы тартыстарда төл ойнымызға әуестік алыс шет елдерге жеткенін байқадық. Сақаны иіре атқан АҚШ, Чехия құрамаларының аяқ алыстары жаман емес. Еске салайық, былтыр қазақтың ұлттық ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.

- Менің атым Адрияна мен Америкадан келдім. Біз қазір Орда деген  ойын айнап жатырмыз.

ЖОМАРТ САБЫРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ /ҚАЗАҚСТАН/:

- Көшпенді халықтардың бәрінің ойнаған ойыны ғой. Мен былтыр ЮНЕСКО-ға барып кіргізіп келгенде өзімнің көзімен көрдім, Үндістан халқы мен француз әйелдері біздің қақпақұлды керемет ойнайды. Сол сияқты ұқсастықтары көп. Жалпы ортақ құндылықтарымыздың дамып жатқанына біз қуаныштымыз.

Ер қанаты - ат. Мұнда жал-құйрығы түйілген тұлпарлар тұяғынының дүбірі естіледі. Әрине осы күндері қолға алғаш үйретілген көшпенді серігі  желмен жарысқан сәйгүліктер бәйгесі, қамбар ата төлінің құлағында ойнаған жігіттердің шабандоздық өнері сынды ат спортының сан түрі қалың жұртшылықтың делебесін қоздыратыны анық.

ЕРЕН ОСПАНОВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИЕНТІ:

- Көкпар, аударыпақ, теңге ілу, жамбы ату спорты бойынша осымен екінші рет қатысайын деп тұрмыз. Аударыспақтан өзіміздің Азия чемпиондары бар. Сексен шақырымдық Шоң бәйге деп айтады қырғыздар, соған дайындаған балаларымыз бар. Алдыңғы жарыстардың бәрінде жүлделі орындардың бәрін алып кеткен болатын. Осы жолы да сондай үміттеміз.

ҚАНАТ АМАНҚҰЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ АГЕНТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /ҚЫРҒЫЗСТАН/:

- Қазақстан барлық дерлік жарыстарға қатысып жүрген саны жағынан көш бастап тұрған құрамалардың бірі. Халықаралық федерацияның қолдауымен өткен ойындарда аса тартысты әрі қызықты болған қазақ күресі биылда ұйымдастырылады.

Жалпы үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойынына 32 спорт түрінен ұлттық құрама сапында ел намысын екі жүз төрт спортшы арқалап келген. Әзірге  қазақстандық саңлақтар жалпы есепте үздік үштікті тұйықтап келеді.