Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы үшінші орында тұр

Қазақстан Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 32 медальмен үшінші орынды иеленіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 9 алтын, 9 күміс және 14 қола бар. Айта кетейік, сонымен қатар ежелгі «Алыш» қырғыз күресінен шеберлер медальдарды сарапқа салды. Бұл жекпе-жекке 32 елден 200 спортшы сынға түсті.

Сондай-ақ, ерлер мен қыздар арасында қол күресінен 12 жүлде жиынтығы ойнатылды. Оған әлемнің 17 елінен 50 спортшы қатысты. Финалда қазақстандықтар жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, сайыс 37 ұлттық спорт түрлері бойынша өтіп жатыр. Оған 53 елдің ең мықты деген спортшылары қатысуда. Жарыс бағдарламасына садақпен ату, сұңқармен саят құру және құмай тазылармен аң аулау, сондай-ақ, шығыс үстел ойындары, бәйге кірді. Барлығы 594 медаль ойнатылады.  Оның ішінде 174-і алтын, 173-і күміс, 247-і қола медаль. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлде қоры 136 миллионнан астам теңге.