Қырғызстанда норвегиялық бақтақ балығы өсіріледі

Қырғызстанның Нарын облысында норвегиялық бақтақ балығы өсіріледі. Балықтың бұл түрі біртіндеп орталықазиялық республиканың өзіндік брендіне айналып та үлгерді. Шабақтар теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктіктегі тау тоғандарында өсіріледі.

ЭРКИНБЕК ТУРДАКУНОВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Тау өзендерінде балық аулағанды ұнатамын. Осында жұмысқа шақырғанда қуана келістім. Он шақты тренингке қатыстым. Таудағы климат қатал, суы суық, сондықтан балықтың жағдайын бақылап отыру қажет.

Ендігі міндет – бақтақ шаруашылығын өнеркәсіптік деңгейге шығару, дейді мамандар. Бұған қажет әлеует бар және бұл бағыт балық шаруашылығының перспективалық саласына айналуы мүмкін. Жергілікті билік қолдау көрсетуге әзір. Балық өсірумен айналысатын фермалардың санын жыл сайын көбейтіп отыру жоспарланған. Әзірге жеті шаруашылық бар. Алайда олардың өнімі көрші облыстар мен Бішкек қаласының тұтынушыларын қамтамасыз етуге жеткілікті. Келешекте Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бақтақ экспортын жолға қою көзделген.

ЖАҚЫПБЕК СУБАҚОЖОЕВ, НАРЫН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН ӘКІМІ:

- Балық өсіру аса тиімді кәсіп. Тау суы таза болғандықтан, балықтың сапасы да жақсы. Нарықта қазақстандық өніммен бәсекелеспіз. Осы жетістікпен шектелмей, көрші елдермен ынтымақтастық орнатып жатырмыз.

Жергілікті тұрғындар бақтақтан тағам дайындауды әдетке айналдырған. Олар дүкеннен балық алу үшін кезекке тұрудан шаршамайды. Өнімді дер кезінде жеткізу үшін алдын ала тапсырыспен алдыру жағы ойластырылған.