Орталық Азия елдері мен Қытай ынымақтастығы күшейіп келеді - Kazakh TV

Орталық Азия елдері мен Қытай ынымақтастығы күшейіп келеді. Өзара әріптестік аясын кеңейтуде «Бір белдеу - бір жол» бастамасының септігі басым. Оның аясында аймақ елдері бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Нәтижесінде жалпы өңірдің экономикалық көрсеткіштері еселеніп, көлік логистикалық инфрақұрылымы жетілдіріліп, транзиттік жүк тасымалы артып келеді. ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігі істерінің уақытша сенімді өкілі Лю Цзяньның айтуынша, өсім әлеуеті зор Орталық Азия аймағы Жібек жолы экономикалық белдеуінің жүзеге асуында айрықша маңызға ие.     

ЛЮ ЦЗЯНЬПИН,  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫАЙ ЕЛШІЛІГІ ІСТЕРІНІҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

 - Бұл аймақтың Қытаймен қарым-қатынасының екі мың жылдан астам тарихы бар. Бай өткенімен қатар бүгінде қарқынды  даму үстіндегі болашағы зор өңір дер едім. Бұл орайда Орталық Азия елдеріне дамудың жарқын үлгісін танытып келетін Қазақстанды ерекше атап өтер едім. Қазақтан өзіндік жолын таңдап әлемдік көштен қалмай келетін ел.

Қазақстан алғашқылардың бірі болып қытайлық бастаманы қолдады. Бүгінде еліміз апан асты мемлекетімен бірлескен 51 жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. «Бір белдеу-бір жол» аясындағы ынтымақтастықтың бірі -Астанадағы жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы. Елордадағы жолаушылар тасымалының жаңа нысанының бағытында 18 заманауи станция мен 10 жер асты 8 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінен құрылады. Қытайлық тарап жобаға 2 миллиард доллар қаржы бағыттаған.

ЛЮ ЦЗЯНЬПИН,  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫАЙ ЕЛШІЛІГІ ІСТЕРІНІҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

– Бұл жоба келісіміне 2015 жылы екі ел басшылары қол қойды. Осыдан ол қос тарапқада  ерекше стратегиялық маңызға ие бастама екенін аңғаруға болады. Біз бұған дейінде бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырдық. Осы бастаманыда сәтті сіке қосамыз деп ойлаймын.

Сондай-ақ елдеріміз энергетика, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында да әріптестік белсенді. Бұндай тығыз қарым-қатынастың орнауы өңірдің жалпы дамуына оң ықпал етеді, дейді сарапшылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер