Қазақстан-Қырғызстан: Төтенше саласындағы әріптестік

Қазақстан-Қырғызстан: Төтенше саласындағы әріптестік

Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы сан саланы қамтиды. Шекаралас аймақтарда болатын төтенше жағдайлармен күрес – әріптестіктің маңызды бағыттарының бірі. Қырғызстанның 7 өңірі болса, соның үшеуі, яғни Шу, Ыстықкөл және Талас облыстары Қазақстанмен шектеседі. Мұндағы төтенше оқиғалар өзендермен байланысты. Көшкін, сел немесе су тасқындары жиі болмаса да, ондай жағдайларға да дайын болу қажет. Қос ел арасындағы жолдарда жол-көлік оқиғасы жиі тіркеліп тұрады. Бұл – екі ортада ең көп кездесетін төтенше жағдай түрі. Сол себепті құтқарушылар өзара жиі кездесіп тұрады, тәжірибе алмасады, біліктіліктерін арттырады. Олар Орталық Азия аймағында өтетін түрлі жаттығу жұмыстары кезінде және ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында дағды-машықтарын жетілдіруді әдетке айналдырған. Төтенше салаға маман даярлау ісінде де ынтымақтастық орнатылған. Бүгінде Көкшетау техникалық институтында Қазақстан ұсынған квота бойынша жиырма сегіз қырғыз студенті оқиды.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Практикалық жұмыстар кезінде талқыланған сұрақтар мен көпқабатты ғимаратағы өртті сөндірудің жаңа әдістерімен танысу өте маңызды. Себебі, осы кезде жасалған жұмыс нәтижесінде жаңа салынатын ғимарат құрылысына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл жүйе біздің Көкшетау техникалық институты негізінде жас мамандарды дайындау үшін жасалды.