Орталық Азия елдеріндегі басты оқиғаларға шолу

http://ca-news.org/news:1445909

Өзбекстан түркілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесіне қосылды. Республика басшысы Шавкат Мирзиеев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ташкентте өткен кездесуінен кейін осындай мәлімдеме жасалды. Бұл туралы «сa-news» жаңалықтар порталы хабарлайды. Түркі кеңесі  - қазіргі түркі мемлекеттерінің басын біріктіретін халықаралық ұйым. Оның қызметі мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға бағытталған. Айта кетейік, қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия мүше.

**************************************************************

http://ca-news.org/news:1445780

Орталық Азия аймағында инсулин шығаратын бірден-бір зауыт Өзбекстанның Әндіжан қаласында ашылды. «ca-news» жаңалықтар порталының хабарлауынша, өндіріс орны жылына 10 млн құты инсулин шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттың бизнес-жоспарына сәйкес, өндірілген өнім Өзбекстан аумағында ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталады. Осы күнге дейін Өзбекстанның өзі диабетке шалдыққандарға қажет инсулинді сырттан әкелетін.

*****************************************************************

http://ca-news.org/news:1446013

15 мамырдан бастап Тәжікстан және Өзбекстан арасында автобус қатынасы ашылады. Әзірге тараптар халықаралық автобус тарифтері жөнінде келісімдер жүргізуде, деп хабарлайды «ca-news». Жолаушылар көлігі «Худжанд-Ташкент» және «Пенджикент-Самарқанд» бағыттарымен қатынайды. Дегенмен алдағы уақытта басқа да бағыттар бойынша жаңа рейстер ұйымдастырылады. Осыған дейін тараптар «Душанбе-Термез», «Бохтар-Денау», «Пенджикент-Бұқара» қалалары арасын жалғап, Канибадамнан Ферғана жазығына дейінгі бағытты мақұлдаған еді. Айта кетейік,Тәжікістан билік өкілдерінің хабарлауынша, күн сайын 10 мыңнан астам жергілікті тұрғын көршілес Өзбекстанның қалаларына жолға шығады.

**********************************************************************

http://ca-news.org/news:1446063

Астанада өткен үшінші «Eurasian Book Fair – 2018» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Орталық Азия елдері көзге түсті. Биыл көрмеге әлемнің 20 мемлекетінен 150-ден аса компания қатысқан. Шара аясында кітап басып шығару ісінің кәнігі шеберлері өз жетістіктерімен бөлісті. Көрмеде «Тәжікстан» атты альбом «Үздік оқулық» номинациясын жеңіп алса, «Тәжік халқының мәдениеті» атты екі томдық энциклопедия «Мәдениет және өнер» бағытында үздік атанды. Бұған қоса, Тәжікстан ұлттық энциклопедиясының бас редакциясы мен баспасы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған энциклопедия» үшін гран-при иегері атанды.