Орталық Азия: Цифрлық картография

Орталық Азия елдері Оңтүстік Кореяда кеңістік мәліметтерінің инфрақұрылымын құру бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия, Беларусь және Корея елдері Еуразиялық кеңістік деректері инфрақұрылымын құру бастамасын 2014 жылы қолдаған болатын. Семинарға қатысушылар өз елдеріндегі картография ғылымының дамуы туралы баяндаумен қатар, Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесін зерттемек. Конференцияға біздің елден «Зерде» ұлттық холдингінің өкілдері қатысты.

ҚУАТ САҒАДИЕВ, «ЗЕРДЕ» ҰИКХ ЖОБАЛАРЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 - Адамдар бос жатқан және иесі бар жерлерді, коммуникацияларды, егжей-тегжейлі көрсетілген жоспарды онлайн көре алатын қоғамдық карта жасағымыз келеді. Біздегі басты мәселе – жеріміздің аумағы үлкен болғандықтан, оны картаға түсіру, цифрлауға үлкен көлемде қаржы керек. Біз қазір аз қаржымен үлкен нәтижеге жеткізетін жолды іздеп жатырмыз.