Өзбекстанда кәсіподақ кодексі қабылданады. Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мақсатында құжат қазір талқыланып жатыр. Бұл туралы Ташкентте өткен кәсіподақтардың халықаралық конференциясында айтылды. «Іс-қимыл стратегиясы және күшті әлеуметтік саясат, халықаралық практика және Өзбекстан тәжірибесі» деген тақырыппен өткен жиынға әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері қатысты. Мамандар еңбеккерлердің құқықтарын қорғау саласында өзара ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

МАРАТ ТОҚЖАНОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Өзбекстан азаматтары Қазақстанда әр түрлі салада жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы, құрылыс саласында да да көптеп жұмысқа тартылған. Ал, бүгінгі күні олардың қандай мәселелері бар? Оны біз басқа мемлекеттің адамы болған соң қарай алмаймыз. Сондықтан біз өзбекстандық әріптестермен бірге осы мәселені бірге қарастырып, бір шешімге келеміз деген ойдамын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер