http://stanradar.com/news/full/29312-uzbekistan-i-turkmenistan-dogovorilis-utroit-obem-tovarooborota.html

Өзбекстан мен Түркменстан өзара тауар айналымының көлемін 2020 жылға дейін 500 млн долларға жеткізбек. Бұл туралы «UzDaily.uz» жаңалықтар порталы хабарлайды. 2017 жылы қос ел 177 млн долларға сауда-саттық жасаған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында екі арадағы тауар айналымы 55 % артқан. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, агросекторды және логистиканы дамыту сияқты салалар белгіленді. Сондай-ақ Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына, Қара және Жерорта теңіздері аймақтарына тауар жеткізу үшін Түркменстан Өзбекстанға Каспий жағалауындағы инфрақұрылымды пайдалануды ұсынды.

**************************************************************

 

http://ca-news.org/news:1444321

Тәжікстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері ынтымақтастық аясын кеңейтуге уағдаласты. Ортаазиялық екі елдің іскерлері жалпы сомасы 104 млн доллар болатын тауарлар мен қызметтер жеткізілімі туралы келісімшарттарға қол қойды. «ca-news»  ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар Самарқандта өткен бизнес форумда өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізген. Шараның мақсаты Соғда және Самарқанд облыстары кәсіпкерлерінің арасында өзара ықпалдастықты арттыру болды.

*************************************************************

 

http://ca-news.org/news:1444347

Түркменстан Дубайда өтетін «ЕХРО-2020» көрмесіне қатысады. Қазір Дүниежүзілік көрмеге дайындық қызу жүргізілуде. «ca-news» порталы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Түркменстанның ұлттық экспозициясы ұлттық нақышта безендіріліп, инновациялық техникалық құрал-жабдықтармен жарақталмақ. Ел басшылығының айтуынша, «ЕХРО-2020» республиканың инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыруға үлкен мүмкіндіктер ашады.   

****************************************************************

 

http://ca-news.org/news:1444700

«Қазақстан – Ұлы дала елі». Жақында іске қосылған жаңа мобильді қосымша осылай аталады. Бұл – республиканың цифрлық энциклопедиясы. Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қосымшаға Қазақстан туралы толыққанды ақпарат беретін фотосуреттер, бейнероликтер, 3D материалдар, панорамалық саяхаттар, инфографика мен интерактив карталар жүктелген, деп хабарлайды «ca-news» порталы. Ұялы қосымшадағы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Сондықтан ол Қазақстанға саяхат жасағысы келетін шетелдіктер үшін көмекші құрал болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер