Азия Даму Банкі Ортаазиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына 2020 жылға дейін 5 миллиард қаржы құюды көздеп отыр. Инвестициялық жобаға қатысушы 11 ел оның аясында аймақтың төңірегінде инфрақұрылым мен көліктік, энергетикалық әлеуетін арттыруға қаржылай демеу алатын болады. Азия Даму Банкінің Қазақтандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннеллидің айтуынша, Орталық Азияның көлік-логистикалық желісін дамытудың маңызы айрықша. Себебі аймақ Қытай, Азияның оңтүстік шығысы мен Еуропа елдерінің нарығына жол ашатын негізгі транзиттік торап саналады.

ДЖОВАННИ КАПАННЕЛЛИ, АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Орталық Азияның байланыстырушы ролі маңызды екені анық. Әсіресе, транзиттің түрлі бағыттары қиылысатын Қазақстан мұны жақсы сезінеді. Орталық Азия елдері басшыларының инфрақұрылым, логистикалық орталықтар, көліктік бағыттар мен энергетика саласын дамыту бағытындағы іс-қимылдары өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер