Өзбекстанда «Сирдарё» жаңа еркін экономикалық аймағы өз жұмысын бастамақ. «Trend.az» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл аймақтың қызмет ету мерзімі – 30 жыл және оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Осы уақытта оның аумағында айрықша салық және кедендік режимдер енгізіледі. Мысалы, еркін экономикалық аймақтың барлық кәсіпорындары салынған инвестиция көлеміне қарай түрлі мерзімдерге жер, кіріс және мүлік салықтарынан, сондай-ақ мақсатты мемлекеттік қорларға төлемдерден босатылады. Бұдан бөлек, инвесторлар шеттен әкелетін шикізат, материалдар мен компонентерге кедендік салықтарды да төлемейді.

************************************************

 

Тәжікстан 2018 жылы мақта плантацияларын ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы «centralasia» жаңалықтар агенттігі жазды. Ел ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді дақылдар мен жем-шөп зауыттарына бөлінген жер учаскелерінің қысқаруына байланысты мақта алқаптары кеңейе түсті. Былтыр мақта өсіруге 174 мың гектар бөлініп, шаруалар 380 мың тонна «ақ» алтын жинап, рекордтық көрсеткіш орнатты. Айта кетейік, елде өндірілген мақта талшығының басым бөлігі экспортталады.

***************************************************

 

Қазақстан Норвегияның инновациялық даму саласындағы тәжірибесін зерделемек. «Trend.az» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Скандинавия елі технологиялық және тұрақты даму жөнінен көп жылдар бойы әлемде көш бастап келеді. Қазақстанның Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі келіссөз жүргізіп, бірқатар норвегиялық компаниямен ынтымақтастық туралы өзара келісімге келді. Осылайша, IDM қазақстандық тарапұа жеке инкубаторларды әдіснамалық қолдау бойынша көмек көрсетеді. Ал Innovation Norway инновациялық менеджмент саласында жинақтаған тәжірибесімен бөліспек. Сонымен бірге, Oslo International Hub елордадағы ЕХРО қалашығының орналасатын Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысына қызығушылық танытты.

*****************************************************

 

Душанбеде көрнекті геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевты еске алу кеші өтті. Бұл туралы «ca-news» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тәжікстан Ғылым академиясының Геология институтында Қазақстан геологтары мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға ғалымдар, «Қазақстан-Тәжікстан» достық қоғамының өкілдері қатысты. Жиналғандар Қаныш Сәтбаевтың Орталық Азия елдерінің геология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер