Орталық Азия таза өнім үшін

Орталық Азия таза өнім үшін

Орталық Азия елдері модификацияланған өнімдердің адам ағзасына әсерін талқылады. Халықаралық сарапшылар Ыстамбұлдағы конференцияда бас қосты. Шараны түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы ұйымдастырды. Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия елдерінің мамандары өнімдердің сапасын бақылаудың бірыңғай жүйесін құру жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті. Әлемде гендік модификацияланған өнімдердің биотехнологиялық өндірісі өткен ғасырдың 50 жылдарында дами бастады.

ФЕЙЗУЛЛАХ КЫЙЫКЛЫК, ТҮРКПА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгінгі келелі жиын гендік модификацияланған өнімдер тақырыбына арналды. Басқосуда өте өзекті мәселелер қаралды деп есептеймін. Азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы бар. Біз осы отырыста қолда бар мағлұматтарымызбен бөлісіп, тәжірибе алмасуға уағдаластық.

ИРИНА КАРАМУШКИНА, ҚЫРҒЫЗСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Отырысқа қатысушылар тақырыпқа орай өз елдеріндегі заңнамаларды таныстырып қана қоймай, жиын соңында ортақ құжат қабылдайды. Ол гендік модификацияланған өнімдердің елдіміздің нарығына енуіне тосқауыл болмақ. Мұндай жаһандық мәселелерді Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы шеңберінде талқылау өте маңызды.