Орталық Азия елдерінде қалпына келетін табиғи ресурстарды дамытудың әлеуеті зор - Kazakh TV

Орталық Азия елдерінде қалпына келетін табиғи ресурстарды дамытудың әлеуеті зор. Сарапшылардың айтуынша, өңірдегі «бестік» баламалы қуат көздерін жетілдіру арқылы аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Бұл орайда оңтайлы саясат құру жолындағы жаңа мүмкіндіктерді Астанада құрылатын Жасыл технологиялар орталығы ашып отыр. Оның жұмысының басым бағыты Орталық Азия кеңістігіне негізделмек. Инвестициялық технологиялардың трансферті, сараптама жүргізу, қаржылық тұрғыда кеңес беру, бизнес жүргізудің қыр-сырына оқыту сынды қызметтер аймақтағы шекаралас мемлекеттердің жасыл саясатын жетілдіруге септесетін болады дейді мамандар.

АГРИС ПРЕЙМАНИС, ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША БАСШЫСЫ:

- Қалпына келетін энергетика саласы – жалпы жасыл экономиканың ажырамас бір бөлігі. Баламалы қуат көздерін дамыту өңір үшін аса маңызды. Қазақстан мен Орталық Азия энергия тиімділігі, ресурс үнемдеу, табиғи қорды ысырап етпеу ісіне енді аяқ басты. Сондықтан қазір осы аймақта кешенді түрде қолға алынып жатқан жасыл технологияларды барынша ендіру жобалары болашақта Орталық Азияның экологиялық жағдайын жақсартып, бәсекеге кабілеттілігін артыра түсетін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер