Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы  жандана түсуде.  Тараптар арасындағы жаңаша интеграциялық үрдістер «бестікті» әлемдік аренада өзіндік орны бар күшке айналдырады. Сарапшылардың пікірінше, өңірдегі бар әлеуетті біріктіру жалпы экономикалық және саяси дамудың даңғыл жолын ашады. Интеграция елдер арасындағы алыс-берістің ұлғаюымен қатар өңірдегі қауіпсіздіктің кепілі болмақ. Қазақстан Орталық Азия кеңістігіндегі елдердің мемлекеттік деңгейде жұмыла әрекет етуіне қатысты жобалардың деніне бастамашы болып келеді. Жақында елордада аймақтың мемлекет басшылары 13 жылда тұңғыш рет жиналды.  Жиында құрлықтағы шекаралас елдердің ұжымдасуы қамында түрлі бағытта әріптестік келісімдер жасалды.

ҒАЗИЗАТ ИМАҚОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

- Біз президенттің интеграциялық үрдістерді тұрақты түрде дамыту ұсынысын қолдаймыз. Бұл шешімнің тиміділігін сарапшылар ғана емес көпшілік халық жақсы түсінеді. Енді Наурыз мейрамының қарсаңында мемлекет басшылары немесе парламент деңгейінде елдеріміздің халық қалаулылары дәстүрлі түрде кездесіп тұрады. Мақсат Орталық Азия аумағындағы халықаралық деңгейдегі мәселелерді талқылап, олардың шешімін бірлесіп іздеу.

Саясаткерлер Қазақстан тарапынан Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру жөнінде көтерген бастаманың орындылығы мен өміршеңдігіне сенімді. Мұндай ынтымақтастықтың нәтижесінде еркін сауда аймақтары ашылып, өзара экономикалық қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталуы әбден мүмкін дейді, мамандар. Түрлі салаларда ортақ құқықтық база қалыптасады. Елдер бірлесіп аймақтағы экологиялық мәселелермен күресіп, өңірді сыртқы қауІп-қатерден қорғайтын болады.

ҒАЗИЗАТ ИМАҚОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

- Егер де біздің ортақ заңдық жүйеміз болса, онда терроризм мен экстремизммен күресті тиімідірек жүргізуге бағытталған құқықтық нормалар құрылады. Біз барлығымыз да Ауған мәселесіне алаңдаулымыз. Ондағы жағдай тұрақталып, мәселе әлем қауымдастығы Сирияға қарайтындай деңгейге көтерілуін қалаймыз. Орталық Азия мемлекеттерінің жалпы пікірі осыған саяды. Аймақта осы тектес жаһандық деңгейде көтерілетін мәселелер бар. Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет.  Соның барлығын бірігіп шешуіміз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер