Орталық Азия елдері аймақтық және интеграциялық ынтамақтастыққа басымдық береді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай механизмдер мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілетін арттыра түседі. Қазақстан және басқа да Орталық Азия елдері ШЫҰ-ның аймақтық интеграциялық құрылымдарының қызметін құру мен оны нығайтуға белсенді. Ал аталмыш ұйыммен ынтымақтастық ең алдымен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті арттыра түседі. Айта кетейік, бұл ретте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бірлескен шекаралық операция жүргізеді. Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылым кеңесі 2019-2021 жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады.Үш жылға негізделген құжатта әлем жұртшылығын алаңдатып отырған терроризм, сепаратизм, экстремизмге қарсы күрес шараларын бірлесе жүргізу көзделген.

СЕРГЕЙ ШВЕЙКИН, ҚР ҰҚК ТКО ШТАБ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Терорирзм мен экстремизмге қарсы жұмылып жұмыс атқару бағытында көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Нақытарақ айтқанда, бірлесіп атқаратын жобалар белгіленді. ШЫҰ аумағындағы бас бостандығынан айрылған халықаралық террорлық ұйым мүшелерінің  өзгелерді алдап құрығына түсіруіне жол бермеу. 

РУСТАМ МАМАСАДЫКОВ,ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2018 жылдың төртінші тоқсанында ШЫҰ мүше елдер мен  БҰҰ бақылаушы ұйымы халықаралық лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты жақсарту мақсатында алтыншы ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, бүгінде ШЫҰ жер шары тұрғындарының 40 пайыздан астамын біріктірген беделді халықаралық ұйымның мүшесі. Сонымен қатар, әлем экономикасының үштен бір бөлігін қамтиды. Бұл ықпалды ұйым Орталық Азияның қарқынды дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қытай аймақ елдерін маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырып, түрлі бағыттар бойынша байланысты нығайтуға мүдделі.

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қытай үшін Орталық Азия елдерінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталып, аймақ экономикасының дамуы аса маңызды. Біздің аймақ, яғни Орталық Азия мен Қазақстан, негізінен, Шыңжаң Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас. Қытай өзінің шығыс және оңтүстік өңірлерінен алшақ орналасқан ауданының дамуына ерекше көңіл бөлуде.  Бұл аймақтың экономикасын тұрақты етуді көздейді. Тиісінше, өмір сапасы  да артпақ. Қытайдың экономикалық саясаты осындай. Бұл тұста біздің қызығушылықтарымыз ұштасады.

Сонымен қатар, ШЫҰ-на мүше барлық елдер гуманитарлық және мәдени салада өзара ынтымақтастықты нығайтып келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер