Қазақстан Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату бойынша  өз ұстанымын күшейтуде. Брюссельдегі  Еуропа саясатын зерттеу орталығының сарапшысы Грант Костанянның айтуынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі ретінде аймақтағы стратегиялық рөлге ие болуда. Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін  елдің ресурстары жеткілікті,- дейді Костанян. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде де белсенді ұстанымды сақтап отыр. Сондықтан сарапшының айтуынша, еліміз Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануында маңызды рөлге ие болуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде барша аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашпақ.

ГРАНТ КОСТАНЯН, БРЮССЕЛЬДЕГІ  ЕУРОПА САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Қазақстан үшін Ауғанстандағы тұрақтылықтың маңызы зор. Ресей мен АҚШ-тың мүддесі де сол. Елдер Ауғанстан мәселесі сыртқа, яғни Орталық Азия аймағына шықпай, шешілгенін қалайды. Әрине, Орталық Азиядағы радикалды исламмен күресті күшейту керек. Бұған трансшекаралық әріптестік пен  аймақ елдерінің барлау қызметі саласындағы әріптестіктерін нығайту арқылы қол жеткізуге болады деген ойдамын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер