https://www.trend.az/casia/turkmenistan/2879942.html

Экспортқа жол. Түркменстанның химия өнеркәсібі өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға ниетті. «trend» ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Түркменстан мемлекеті шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Бұл ретте сала бойынша тәжірибе алмасып, білікті мамандармен серіктестік орнатуға да мүмкіндік еселене түспек. Аталмыш ақпарат Түркменстанның химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда жарияланды. Атап өтерлігі, «Түркменхимия» мемлекеттік концернінің қарқынды жұмыс істеуі елдің экономикасына оң әсерін беріп келеді. Кәсіпорынның қарамағында он өндіріс ошағы бар. Ал өндіріс орындарынан шығатын негізгі тауарлар  елдің агроөнеркәсіптік кешеніне арналған.

****************************************************************************

 

http://ca-news.org/news:1440126

Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық университеттері ынтымақтастық орнатуға ниетті. Орталық Азия жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, білім беру мекемелерінің бірлескен жобалары ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты арттырып, әрмен қарай дамыту үшін AgriTech Hub Uzbekistanа ұйымдастырмақ. Ал осы саладағы серіктестікті Азия Даму Банкі қолдайды. Келелі келіссөздер барысында университеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту, студенттер алмасу, сонымен қатар, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру сынды келісімдерге қол жеткізілді.

***********************************************************

 

https://www.trend.az/business/tourism/2879991.html

Өзбекстан елдегі туризм саласын дамытуға ден қоюда. Сала мамандары Тәжікстаннан көптеп турист тартуға ниетті. Бүгінде Өзбек үкіметі туристік әлеуетін көпке еркін жарнамалауға кіріскен. «trend» жаңалықтар сайтының мәліметіне сүйенсек, бүгінде Тәжікстандағы қалалық такси қызметтері Өзбекстанның туристік маршруттарын жарнамалайды. Бұл халықты көрікті әрі тарихи жерлермен таныстырып қоймай, туристердің Өзбек еліне деген қызығушылығын оятады. Қазіргі таңда, бауырлас елдер арасында визалық режим алынып тасталды. Енді екі ел арасында барыс-келіс жеңілдей түсті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер