Өзбекстанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы кеңінен дәріптеледі - Kazakh TV

Өзбекстанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы кеңінен дәріптеледі. Осы мақсатта мемлекеттік деңгейде қаулы да қабылданған болатын. Абайдың туған күніне орай Абайтану бойынша мүшәйра өткізу осындай маңызды шаралардың бірі болмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отырар» кітапханасына өзбек қауымын бастап келген Мұхаммед Әли жеткізді. Шығармашылық делегация алдымен «Отырар» кітапханасына аялдап, ондағы кітап қорымен танысып шықты. Қос мемлекет арасындағы татулық пен бірлікті, өзара ынтымақтастықтың артуын көздейтін ақын-жазушылар облыс басшысы Жансейіт Түймебаевпен де жүздесті. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, іскерлік қарым қарым-қатынас пен мәдени-рухани байланыстарды сөз етісті. Олар Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында ұйымдастырылатын шаралардың жалпы жоспарын талқылады.

МҰХАММЕД ӘЛИ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Абай бабамыз Әлішер Науаиды ұстаз деген. Ғафур Ғұлам Сәбит Мұқановпен қадірлі дос болған. Ол өз еңбегінде Сәбитпенен айтысуға жараймын деп те жазған. Енді бұл нәрсе ары қарай біздің арамызда жалғасын табуы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер