Орталық Азиядағы танымал туристік бағыттар - Kazakh TV

Орталық Азия елдері туристер үшін тартымды. Ресейліктердің саяхат үшін таңдаған бағыттарын зерттеген интернет сервис осындай қорытынды жасап отыр. Анықталғандай, аймақ елдері арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға бағытындағы саяхаттарға сұраныс жоғары екен.

СВЕТЛАНА АНУФРИЕНКО, РФ ӨҢІРЛЕРІ ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Жыл сайын Ресейдің 50 миллион турисі шетелге шығады. Арасында жергілікті өңірлерді аралауға бел буатын азаматтар да бар. Бірақ, қазір көбі Қазақстанды көруге құлық танытып отыр.

Қазақстанды таңдайтын ресейлік туристер елдің табиғаты мен тарихи орындарына, ескерткіштеріне қызығады. Одан өзге, соңғы уақытта қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, қолөнерін тануға деген талпыныс жоғары. Мысалы, Самарадан келген саяхатшыларға қамшы өру әдісі ерекше әсер еткен. Олар үшін арнайы шеберлік сағаты өткізілді. Атқа қонған жауынгердің ұрыс қаруы 5 таспадан 40 таспаға дейін сиырдың өңделген терісінен иіліп өріледі. Ал сабы қасқырдың, киіктің жіліншік сүйегінен жасалып, металмен, терімен қапталады.

АРТЕМ ЖИВОГЛЯД, ТУРИСТІК ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /РЕСЕЙ/:

 - Қайыстан істелетін мына секілді жұмсақ қамшыны қаһарлы қару ретінде де қолданатыны бізді қатты қызықтырды. Мәселен керілген малдың терісін қамшымен осып қақ айыруға болады екен. Бұл өте қызық қой. Бұрын мұндай дүниелерді тек әсемдік үшін жасалады деп ойлайтынмын. Енді оның жасалуы әдісі мен тарихын да білетін болдық.

Осылайша, бүгінгі турист үшін Орталық Азия рухани дүниесімен тартымды. Сонымен қатар, эко және этнотуризм, қысқы және іскерлік туризм бағыттарына да сұраныс бар.

АЯ ҚҰСАЙЫНОВА, ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстанда эко және этно-туризмді дамытсақ, Өзбекстанда тарихи және мәдени туризмге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткеніолардақаз-қалпындасақталғанкөнетарихиескерткіштер мен орындар бар. Бізде, негізінен, этнотуризм дамып келеді. Бұл тұста біз Қырғызстанмен ұқсаспыз. Өйткені мәдениетіміз бен тарихымыз ұқсайды. Сондықтан бір-бірімізбен әріптестік орнатып, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесін қарастырып отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер