Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетаралық автобус маршруттарын ашу мәселесін пысықтап жатыр. Sputnik Өзбекстан агенттігінің хабарлауынша, алдағы айларда Ташкент-Бішкек, Ферғана-Ош, Әндіжан-Ош бағыттарында автобус рейстері іске қосылады. Сонымен қатар туристік саланың мамандары Ташкент –Ыстықкөл арасында маусымдық бағыт ашпақ ниетте. Сарапшылар екі ел арасында автобус қатынасына деген сұраныс әлеуетін жоғары бағалап отыр. Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің ақпаратына сүйенсек, шекара арқылы тәулігіне 12 мың адам өтеді екен. Ал бекет 7 мың адамды өткізуге есептелген.

**********************************************************

 

Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі «Халал» стандарттарына сай тауарды ерікті таңбалау, өнімдер мен қызметтерді сертификаттау мәселелерін талқылады. Knews порталының мәліметіне сүйенсек, қырғызстандық өндірушілердің Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерге және араб мемлекеттеріне сапалы халал өнім экспорттау мүмкіндігі мол. Бұдан бөлек, «Халал» маркасы ішкі нарықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірушілердің экспорттық әлеуетін де арттыруға сеп болмақ. Бүгінде 12 кәсіпорынның өнімдері «Халал» талаптарына сай келетіні туралы сертификат алды. Сонымен қатар, Иранға 500 тонна қой етін экспорттау туралы келісімге қол қойылды.

*****************************************************

 

Өзбекстан астанасы Ташкентте цифрлық технологияға негізделген Микеланджело Меризи да Караваджоның бірегей көрмесі ашылды. kultura.uz. ақпараттық порталының мәліметінше, әлемге танымал италиялық суретшінің экспозициясы Ұлы Жібек жолының нышанына айналып үлгерген. Экспонаттар арасынан суретшінің көпшілікке белгілі, бейнелеу өнеріндегі шоқтығы биік «Науқас Вакх», «Балгер әйел», «Лютнашы» сияқты туындыларын тамашалауға болады. Бұдан бұрын Микеланджелоның бірегей еңбектерімен Тбилиси, Баку, Ашхабад қалаларының тұрғындары да танысқан болатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер