Қырғызстан үкіметі мемлекеттік құрылымдар мен бизнес ортаны электронды форматқа көшірмек. Жоба «Таза қоғам» деп аталады. Ол елдегі ішкі мәселені шешіп қоймай, Еуразиялық экономикалық одақтың болашақ цифрлық кеңістігінің толыққанды мүшесі болуына сеп болады. Жоспар бойынша, 2023 жылға дейін барлық мемлекеттік мекемелер жұмыс жүргізудің жаңа форматына ауысуы тиіс.

ИГОРЬ ШЕСТАКОВ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:

 - Яғни, іс жүзінде біз азамат пен қоғам, мемлекеттік құрылымдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына ауысамыз. Менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе, себебі көптеген адамдар тиісті мемлекеттік құрылымдар лауазымды тұлғалардың  құжаттарын  ұзақ уақыт қарайтынына наразы.

Жобаны қаржыландыруға бір миллиард доллар сом бағытталмақ. Бұл шаруаға шетелден инвестор тарту жағы да ойластырылуда. Алғаш болып Дүниежүзілік банк 50 млн доллар бөлуге ниет білдірген. Сондай-ақ, өткен жылы қазақстандық «Электрондық коммерция орталығы» өткен жылы жеңіске жетіп, қаржылық ұйым жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алған болатын. Енді Тәжікстан үшін «мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесін барынша осы елге бейімдеп,  дамытуда консультациялық қызметтер көрсетілуі тиіс.

АРЗЫБЕК КОЖОШЕВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қырғызстанда 100 адамның 30-ы ғаламтормен қамтылған. Осы 2017 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 47 адамға жеткен. Ал, көршілес Қазақстанда 100 адамның 70-і ғаламтормен қамтылған. Демек, біз интернетке қолжетімділікті ұлғайтуымыз керек.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде цифрлық экономика стандарттарын енгізу ЖІӨ-ді жиырма пайызға арттырады. Себебі, сауда-саттықтың өзара қатынасында кедергілер азаяды. Ал, мемлекетаралық құрылымдардың және бизнес-орталардың жұмысы ашық болмақ. Жалпы, сандық экономиканы әлем елдерінің «жаңа өнеркәсіптік революция» деп атауы да бекер болмаса керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер