Орталық Азия елдері экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде. Сарапшылардың пікірінше, бұл аймақтың дамуын жеделдетеді. Орталық Азия аймағындағы елдер экономиканың барлық салаларында ынтымақтасуға ниетті. Былтырдан бастап Қазақстандық автокөліктер сатыла бастады. Бүгінде олардың алғашқы легі Душанбеге сәтте жеткізілді. Отандық автокөліктер тұрғындар арасында жайлылығымен танымал. Былтыр тәжік тарапы қазақстандық кроссоверлерді сатып алды. Қос ел арасында келісім орнады. Өзара байланыс кезеңімен жүзеге асып, отандық автоөндірістің экспорттық әлеуетін арттыруға үлкен сеп болуда.

БАХТИЁР РАИМКУЛОВ, АВТОКӨЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - 2017 жылы біздің компания Қазақстандық кәсіпорынмен автокөлік тасымалдау жайлы келіскен. Бұл жоба кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін жүзеге асады. Сөйтіп, жергілікті автопарктер жаңғыртылмақ. Қазір Душанбеге 150-ден астам көлік жеткізілді.

Автокөліктердің тағы бір легі Қостанайдан Душанбеге жөнелтілуге дайын. Серіктестердің пікірінше, өзара келісімдер екі тарап үшін де тиімді. Тәжікстан қазақстандық автокөліктердің қолжетімділігі мен сапасына қызығушылық танытып отыр. Ал біздің елдің экспорттық әлеуеті артып жатыр.

СЕРГЕЙ МОГИЛАТОВ, АВТОЗАУЫТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - Тәжік тарабымен жасалған келісім аясында біз мың бірлікке дейін тауар тиеу туралы келісім жасастық. Бүгінде екінші партияны жөнелтпекпіз. Жыл аяғына дейін біз өз міндетімізді толық орындаймыз деген ойдамын.

Қазақстанның көлік индустриясы өзбек автоөндірушілерімен де табысты ынтымақтастық орнатып жатыр. Өзбек седандары биылғы жылы сатылым бойынша рекорд орнатты. Алғашқы екі айда автокөлік сатушы лидерлер мыңнан астам жеңіл автокөлік сатыпты.

АНДРЕЙ ЛАВРЕНТЬЕВ,  ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС АССОЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Бұл автокөліктер Қазақстанда қолжетімді әрі халық арасында үлкен сұранысқа ие. Біз басқа да түрлерін шығаруға ниеттіміз, желіні 3 автокөлік үшін кеңейтпекпіз.

Қос тарап шекаралық аудандарда құрғақ айлақ салу мүмкіндігін қарастыруда. Өзбекстан Қазақстаннан мұнай мен металдан бастап астық пен ұнды да сатып алуға ниет білдіріп отыр. Ал көршілес ел газ, тоқыма бұйымдары және құрылыс материалдарын экспорттауға дайын.

БОТИР ЗАРИПОВ, «УЗСТРОЙМАТЕРИАЛЫ» АҚ ӨКІЛІ:

 - Қазіргі таңда өзбек компаниялары Қазақстанның нарығына керамикалық плиталарды жеткізбек.

Айта кету керек, елдер арасында жаңа технологиялар саласында да ынтымақтастық нығайып келеді. Мысалы, Қазақстан мен Тәжікстан цифрлық салада серіктестікті арттырды. 2017 жылы қазақстандық компания Дүниежүзілік банк жобасын жүзеге асыру үшін тендерді жеңіп алды. Қазір мамандар тәжік әріптестеріне электронды мемлекеттік сатып алу порталын құруға көмектесуде. Елдер аймақтың транзиттік және көлік әлеуетін нығайтуға ниетті. Жақын арада Астана мен Самарқанд арасында пойыз жүре бастайды. Туристерге ыңғайлы болу үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында ортақ мультивиза туралы келісім жасалмақ. Нәтижесінде саяхатшылар бір елден екінші елге өте алады. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі өзара серіктестік әлеуеті бір саламен шектелмейтінін дәлелдеп, жыл сайын тек кеңейтіле түспек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер