https://www.trend.az/casia/turkmenistan/2872323.html

БҰҰ Ауғанстан-Түркменстан-Әзербайжан транзиттік дәлізін қолдайды. «trend» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы шешім Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында қабылданған. Ауғанстандағы Тургунді мен Герат қаласының темір жолдары мен авто жолдары Ашхабатпен қосылып, ары қарай Каспий Түркменбашы портына дейін жалғаспақ. Транзиттік дәліз Бакуге дейін созылып, Тбилиси арқылы Анкарадағы Поти мен Батумидің филиалдарына дейін жалғасады. Содан кейін Анкарадан Стамбулға дейін барады. Жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллиард доллар керек. Аталмыш жоба аймақтың экономикалық интеграциясын дамытуға, сауда көлемін арттыруға бағытталған.

  

https://www.trend.az/casia/uzbekistan/2871738.html

Қазақстан мен Өзбекстан фермерлері асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға ден қойып жатыр. Шаруалар ғиссар мен еділбай тұқымын будандастырмақ. Бұл туралы тренд порталы Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасады. Ақпаратқа сүйенсек, Самарқанд компаниясының өкілдері Шымкентке жасаған сапарында бірлескен мал шаруашылығын құру туралы арнайы келісім жасапты. Еділбай тұқымды қойдың бабы келіссе салмағы 110 келіге дейін барады. Бұл өзбек шаруаларын қатты таң қалдырып отыр. Қазақ қойлары ет өндіру бағытында өсіріледі, асыл тұқымды болады, құбылмалы табиғат жағдайына да жақсы бейімделеді.

 

http://ca-news.org/news:1436663

Өзбек халқы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолына бойлап, шығармашылығын зерделемек. Өзбекстан Президенті өз халқына ақынның мұрасын тереңнен танып,  шығармашылығын насихаттауды міндеттеді. Бұл бағыт бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, екі ел арасындағы мәдени гуманитарлық байланысты арттырады, сонымен қатар, өзбек жастарына қазақ әдебиеті мен мәдениетін тереңнен тануға мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер