Дүниежүзілік банк Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға 500 млн доллар қаржы бөлмек

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға 500 млн доллар қаржы бөлмек

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға 500 млн доллар қаржы бөлмек. Бұл туралы Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун мәлімдеді. Ол бүгінде Қытай және Ресей елдері нарығында отандық өнімге деген сұраныстың жоғарылығына қарай ет кластерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

АТО БРАУН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

-  Біз Қазақстандағы мал шаруашылығын қолдауға дайынбыз. Бірақ әуелі осы саладағы нақты қандай тетіктерді дамыту керектігін айқындап алған жөн. Дүниежүзілік банк тарапынан тек қаржылай қолдау ғана көрсетілмейді. Біздің мамандар шетелдік тәжірибені меңгеруге де ықпалдасады.