Қазақстан-Испания: Жаңа инвестициялық жобалар

Қазақстан-Испания: Жаңа инвестициялық жобалар

Қазақстан инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүдделі. Елімізде бизнесті дамыту үшін қолайлы аймақ қалыптастырылуда. Бұл испаниялық кәсіпкерлердің де Қазақстан нарығына қызығушылық білдіруіне мұрындық болды. Олар мұнда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жөніндегі зауыттар желісін құруға мүдделі. Жобаның негізгі ерекшелігі – өңдеу кезінде газ алынатын инновациялық технология.   

DIEGO GABRIEL AMADO GARCIA,  ИНВЕСТОР /ИСПАНИЯ/:

Бізде АҚШ-тан алынған жаңа технологиялар бар. Бүгінде бірнеше елдер осы технологиямен жұмыс жасап отыр. Сонымен қатар газды тазалау жөніндегі патентіміз де бар. Қоқыс қалдықтарынан біз газ ала аламыз. Біз алғашқы жобаны ашқымыз келеді, осы жылы немесе келесі жылдың наурыз айына келіссек дейміз. Екі жылда қала бойынша шығарылған қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт та салынуы мүмкін. Сонда қоқыс полигондары да болмас еді.  

Атап өткен жөн, Қазақстан мен Испания арасында өзара әріптестік қарқынды дамуда. Еліміздің сыртқы саяси ведомсволарының мәліметінше, осы жылдың алғашқы 7 айында екі ел арасындағы тауарайналым өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда, 56% артқан. Жалпы алғанда, тараптар энергетика, құрылыс, ауылшаруашылығы, медицина, білім және автомобиль өндірісі салаларында белсенді түрде бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Қазақстан аумағында испан капиталының қатысуымен 40-қа жуық кәсіпорындар жұмыс жасайды.