Жол құрылысына инвесторларды тарту маңызды

Қазақстан көлік саласын қарқынды дамытуда. Еліміз осы саладағы бірқатар перспективалық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытып отыр. Сеулде жаһандық инфрақұрылымды дамытуға арналған конференцияда көлік тасымалы саласындағы инвестициялық жобалар таныстырылды. Атап айтар болсақ, Қазақстанның жобаларды дайындау қорының жеңіл рельсті көлік пен Алматыны айналып өтетін теміржолдың құрылысы, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша жол құрылысы жөніндегі жоба ұсыныстары Корея инвесторларын бей-жай қалдырмады. Шымкент пен Сарыағаш арасында жол салуға байқау келесі жылы өтеді. Болжам бойынша жобаның жалпы құны 500 млн долларға бағаланып отыр. Қазіргі таңда барлық қажетті құжаттамалар, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелер пысықталуда.  

АСЛАН БОЛАТОВ, «KAZAKHSTAN PROJECT PREPARATION FUND» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

-  Біріншіден, Сарыағашты Өзбекстан шекарасында айналып өтетін жол.  Және Шымкент пен Сарыағаш арасында салынған жолдарды күтіп ұстау. Сонымен бірге Шымкентті айналып өтетін автожол құрылысы. Бұл жобаның мақсаты – Сарыағаш пен Шымкенттің автожолдарының жүктемесін азайтып, оңтүстік елдерден тасымалданатын жүктердің  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне дейін мүмкіндігінше тезірек жеткізілуін қамтамасыз ету.