Қазақстан мен Грузия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Грузия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Грузия өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға ниет білдіріп отыр. Атап айтқанда, тараптар көлік-транзит әлеуетін дамытуға мүдделі. Тәуелсіз бағалау агенттігінің вице-президенті Евгений Кришталевтің пайымдауынша, Грузияның өз теміржол қатынасы мен теңіз айлақтары арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда мұнай саласының, терминал, көлік-логистика компанияларының өкілдері бірлескен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіруде.

ЕВГЕНИЙ КРИШТАЛЁВ, БАҒА АГЕНТТІГІНІҢ САРАПШЫСЫ:

 - Грузия мен Қазақстанды логистика және байланыс жағынан алып қарайтын болсақ, екі ел де көлік дәлізінің қарама-қарсы жақтарында орналасқан. Қазақстан Қытаймен шекаралас, бұл – Қытай тауарларының Каспий-Әзербайжан-Грузия арқылы Еуропа нарығына шығатын тура жолы. Қазіргі кезде бұл көлік дәлізін игеру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Көлік тасымал ассоциациясы құрылып, оған мемлекеттік органдар мен жеке меншік компаниялардың өкілдері кірген. Қос ел де географиялық жағдайына қарай, көлемі үлкен жүктерді дәлізге тартуға үлкен мүмкіндіктері бар.

Грузия үкіметінің негізгі мақсаты – елді халықаралық инвестициялық, логистикалық, туристік және қаржы хабына айналдыру.  Сәйкесінше, ұзақ жылдардан бері инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Олардың дені Баку-Тбилиси-Карс теміржолы және Анаклия теңіз айлағы секілді Жібек жолының құрамды бөлігі болып саналады.

ЕВГЕНИЙ КРИШТАЛЁВ, БАҒАЛАУ АГЕНТТІГІНІҢ САРАПШЫСЫ:

 - Қазақстанда жүк тасымалын ретке қою мақсатында, жаңа вагондар мен платформалар сатып алынып жатыр. Грузияда да тап осындай жұмыстар атқарылу үстінде. Ірі теңіз айлағы – Анаклия жобасы бар. Ол үлкен кемелерді қабылдай алатын Грузияның басты айлағы болмақ. Тиісінше, жүк тасымалы да артады.

Жоспар бойынша 2021 жылы Анаклия теңіз айлағы алғашқы кемелерді қабылдай бастайды. Ал Батуми портының өткізу әлеуетін өндірілетін қазақстандық мұнайдың көлемін ұлғайту арқылы пайдалану көзделіп отыр.

ТИМУР ІЛИЯСОВ, АРГУС ТӘУЕЛСІЗ БАҒА АГЕНТТІГІНІҢ КАСПИЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Грузияның жүк тасымалының үлкен көлемін тартуға әлеуеті бар. 2021 жылдан кейін, Қашағандағы ірі мұнай кеніші өндірісін едәуір ұлғайтқаннан кейін, Батуми теңіз айлағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі артуы мүмкін. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Грузия мен Қазақстанның логистика саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор. Бұл саланы дамыту арқылы қос тарап транзиттік тасымалдарды табысты етуге мүмкіндік алады.