Ұлы Жібек жолының IV Тянь-Шань форумы

Қазақстан – Еуропа мен Қытай арасын жақындастыратын негізгі қақпа.  «Ұлы Жібек Жолының экономикалық белдеуі» жобасының 5 жылдығына орайластырылған форумда мамандар осындай пікір айтты. Мәселен, жүктерді теңіз арқылы Еуропадан Қытайға жеткізу 6 аптаға дейін созылады, ал Қазақстан арқылы 15 күн қажет. Келешекте еліміз арқылы Қытайдан Еуропаға жеткізілетін контейнерлер санын 2020 жылға қарай 2 млн-ға жеткізу көзделіп отыр.

МАРАТ ШИБҰТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

-  2011 жылы біздің ел арқылы Қытайдан Еуропаға мың контейнер жөнелтілген. Ал былтырғы жылды алып қарайтын болсақ, 201 мың контейнер жеткізілген. Өткен 7 жыл ішінде өсім 200 есе артқан. Айталық, кеткен пойыздардың 80 пайызы бос қайтпайды. Тауар тиелген жүк контейнерлері қайта Қытайға келеді. Бұл өзін-өзі ақтап жатыр.