Қазақ-түрік кәсіпорындарының табысты жұмысы

Қазақ-түрік кәсіпорындарының табысты жұмысы

Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен ашылған кәсіпорындардың саны артып келеді. Бүгінде екі ел кәсіпкерлерінің бірлескен жобалары барлық өңірлердің экономикасына тың серпіліс беруде. Әсіресе, Ақтөбе аймағында

20-дан астам қазақ-түрік компаниясы табысты жұмыс жүргізуде. Олардың еңбек өнімділігінің артуы, аймақ экономикасының әлеуетінің артуына кепілдік береді. Мәселен, хром рудасын өндіретін және хром концентратын ұсақтайтын 2 ірі зауыттың өндірісін жаңғыртуға 3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталған.   

ЕРМЕК ШОҚАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

- Ақтөбе облысының әкімдігі мен екі компанияның басшылығы биыл өндірісті жаңғырту жөнінде арнайы жол картасына қол қойды. Яғни, 2018-2022 жылдары 1, 9 млрд теңге инвестиция жұмсайды. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі 15%-ға өсіп, өнімнің өзіндік құны 7% төмендейді деп күтілуде. Сонымен бірге өңірдің экологиялық ахуалын жақсартатын шаралар қолға алынады.

Түрік кәсіпкерлерімен әріптестік байланыс елдің басқа да аймақтарында нығайып келеді. Мәселен, Шымкентте түркиялық инвесторлардың қатысуымен аяқ-киім өндірісі қолға алына бастады. Мұнда шикізат түрік елінен жеткізіледі. Қазір фабрикада күніне 150 жұп аяқ-киім шығарылады. Жылына 100 мың дана аяқкиім тігіп шығару  жоспарланған. Жоба құны 403 миллион теңге. Кәсіпорын алдымен ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп, кейін тауарларын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

НУРСУЛТАН БАЛАБИЕВ, ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ДИРЕКТОР ФАБРИКИ:

- Келешекте өнімділік қуатын бірнеше есеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 150 емес, 100 мың жұп аяқ-киім тігіп шығаруды көздейміз.

2020 жылы Қызылорда облысында жылдық қуаты 24 мың тонна томат пастасын өндіретін зауыт іске қосылады деп жорпарланып отыр. Ол үшін Жаңақорған ауданынан 3 мың гектар жер телімі берілген. Түркиялық инвесторлармен бірлесіп қолға алынған жоба құны 8 млрд теңгеден асады. Аталған жоба аясында биыл түрік компаниясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 10 гектар жерге томаттың 4 түрлі сортын тамшылатып суару әдісімен еккен болатын. Мамандардың айтуынша, зауыт құрылысына қатысты шешім егілген дақылдардың өнім беруі мен тұқымның Қызылорда климатына бейімделуіне көз жеткізілгеннен кейін ғана қабылданады.

РИНАТ СҰЛТАНГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Зауыттың құрылысы аяқталып, өнімге шығатын болса, инвесторлар шаруашылықтар үшін егін басындағы шығындарды, күтімді, көшеттерді сатып алып беруге, өзі қаржыландыруға дайын. Күзде өнім жинаған кезде өнімін тағы да сатып алады.

Қазақ-түрік бірлескен бизнес-жобаларын Жамбыл облысында да жүзеге асыру қолға алынуда. Келесі жылы Талас ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы басталады. Кәсіпорын жылына 400 мың тонна сода шығаратын болады. Жаңа зауыт ашылуының арқасында ішкі нарық жоғары сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіліп, импортқа тәуелділік азаяды.