Алматы облысы Ресей және Өзбекстанға ірі қара мал етін жөнелтпек

Қазақстан экспорттық әлеуетін арттыруда. Осы ретте Алматы облысындағы ет кластерінің мүмкіндіктері мол. Өңірде 14 зәкірлі мал бордақылау алаңы құрылған. Мұнда ұсақ фермерлік шаруашылықтардан жиналған шамамен 18 мың жас ірі қара мал бар. Қазақтың ақ бас сиырын көбейтумен айналысатын Қанат Жұмашев ет экспортына ден қоюға ниет білдіріп отыр. Бүгінде оның шаруашылығында 500 бас ірі қара бар.

ҚАНАТ ЖҰМАШЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мал басын көбейтіп жатырмыз. Асыл тұқымды сиырлар санын екі мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Экспортқа шығару  ойымызда бар. Мал бордақылау алаңын кеңейтеміз. Ет өңдеумен де айналысамыз.

Алматы облысының Ақсу ауданында Қанат Жұмашев сынды фермерлер саны мыңнан асады. Өңір шаруашылықтарындағы сиыр саны – 82 мың.  Өткен жылмен салыстырғанда облыстағы ірі қара мал басы 16 пайызға артқан. Алдағы уақытта асыл тұқымды мал үлесін арттыру көзделіп отыр.

САҒИТ БЕКБОЛАТОВ, АҚСУ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі таңда енді оның 8 мың басы асыл тұқымды бұқалармен шағыстырылып, нәтижесінде асыл тұқымды төлдер алынды. Бұл жерде жаңағы Герефорд, қазақтың ақбас тұқымды малы, сосын Әулиекөл мен Ангус.

Айта кетейік, облыс биыл алғашқы 200 тонна сиыр етін Қырғызстанға экспорттаған. Бүгінде Ресей және Өзбекстан республикаларына ірі қара мал етін жөнелту жайлы келіссөздер жүргізілуде.