Қазақстан Ресей фармацевтикалық нарығында көшбасшы атанды

Қазақстан Ресей фармацевтикалық нарығында көшбасшы атанды. Ұзақ уақыттан бері Ресейде сатылатын медициналық препараттардың басым бөлігі Беларусьтан тасымалданатын. Ресейлік нарыққа түсетін жаңа дәрі-дәрмек арасында шын мәнінде инновациялық болып табылатындары өте аз. Ресейлік мамандардың айтуынша, нарықты жаулау жолында Қазақстан дұрыс бағыт таңдаған. Яғни, қазақстандық фармацевттер дәрі-дәрмектің санына емес, сапасына баса назар аударады, дейді сарапшылар. Жаңа дәрілік заттардың синтезі - тұтастай алғанда сирек кездесетін құбылыс.

ДАРЬЯ МАЛОВИЧКО, ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Бұл – таңданатын жағдай емес. Фармакологияда бастысы – сапа. Себебі бұл жерде адамның денсаулығы баса назарда болады. Қазақстанның аталған сала бойынша 20 жылдық тәжірибесі бар. Сондықтан дәл қазір екі ел арасындағы бәсекелестік жағдайында сіздердің елдеріңіз мықты деуге толық негіз бар.  

Соңғы жылдары ірі компаниялар дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін жасап шығаруға ерекше көңіл бөліп жатыр. Әсіресе, денеге жапсыру және ингаляциялық, яғни дем алу арқылы әсер ететін препараттарға сұраныс жоғары. Міне, Астана осы бағытты қолға алып, дамыту арқылы ілгері қадам жасады. Еуразиялық экономикалық одақ нарығында Мәскеу фармакологиялық дәрежесінен айырылса да, Минск фармацевтикалық нарықта көш бастап тұр. Десе де, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Беларусь компанияларының үлесі былтырғы көрсеткішке қарағанда төмендеген. Бұған қазақстандық компаниялар үлесінің артуы себеп.  

ИЗОЛЬДА ЦЕЛИНИЧЕНКО, БИЗНЕС-САРАПШЫ

- Біздегі мәліметтерге сүйенсек, соңғы жарты жылда Ресейге тасымал бойынша Беларусьтың үлесі 70% жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 92% болған. Ал Қазақстанға келсек, бұл елдің үлесі 7-ден 29% жетті. Екі мемлекеттің де көрсеткіштері жақсарып келеді. Әзірге бұл кезеңде Қазақстанда бәсекелес жоқ.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақта тамыз айының соңында бірыңғай дәрі-дәрмек нарығы құрылды. Қазақстанда Бірлестік ережесі бойынша медициналық препараттарды тіркеу жөніндегі алғашқы 6 өтініш қабылданған. Тағы екеуі Беларусь елінде. Алдағы уақытта өзге мүше елдер де Одақтың ақпараттық жүйесін белсенді қолдануға кіріспек.