Өзбекстан шетелдік инвесторларды салық төлеуден босатпақ

Өзбекстан шетелдік инвесторларды салық төлеуден толық босатуға ниетті. Бұл жұмысты 2020 жылы өткізу жоспарланып отыр. Оған кедендік жеңілдіктерін қосып отыр. Мұндай мүмкіндік әзірге тек Жызақ облысындағы еркін экономикалық аймақта орналасқан өнірістерге ғана берілген. Бұл туралы өңірде өткен халықаралық инвестициялық форумда айтылды. Әлемнің 28 елінен жиналған 300-ге жуық кәсіпкер аймақтың экономикалық мүмкіндіктерін саралап, туристік әлеуетімен танысты. Айта кету керек, көрші республикада отандық кәсіпкерлер құрылыс және химиялық кластердің дамуына инвестиция құюда. Жиында  агроөнеркәсіптік кешен, медицина, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиын соңында жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер арасында 20-дан астам келісім түзіліп, меморандумға қол қойылды.

ЕРНҰР БАЕКЕЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Өзбекстанда қазіргі таңда көптеген мүмкіншіліктер бар. Оның ішінде атап айтсақ, тоқыма өнеркәсібі, әртүрлі полимер өнідірісі, полимерден жасалатын бұйымдарды шығару бар. Сол сияқты ауыл шаруашылығы саласы инвестиция тартуға мұқтаж деп ойлаймын.