АДБ сарапшылары Қазақстан экономикасы үшін әлеуеті мол салаларды атады

Ел экономикасын әртараптандыруды жалғастыру арқылы Қазақстан саланың дамуына тың серпін береді. Республика бойынша елдік зерттеудің қорытындысын жариялаған Азия даму банкінің сарапшылары осындай пікірде. Қаржы институты мамандарының айтуынша, тұрақты негізде іске асырылатын тиімді реформалар Қазақстанның жалпы ішкі өнімін жыл сайын 1,2% өсіріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін республика экономиканы әртараптандыруға ден қойып қана қоймай, осы үрдіске жеке секторды тарту керек. Азия даму банкі сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, химикаттар өндірісі мен металл өңдеу салаларын дамытуға әлеуеті мол.

ЭДИМОН ГИНТИНГ, АДБ САРАПТАМА ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларды қолдау үшін көліктік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру қажет. Бұл экономиканы әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Азия Даму банкі сарапшылары жеке сектор Қазақстан экономикасын әртараптандыру қарқынын арттыруға қауқарлы деген сенімде. Бұл үшін шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасап, инновацияларды ендіруді ынталандыру қажет дейді.

КИЙОШИ ТАНИГУЧИ, АДБ САРАПТАМА ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЭКОНОМИСІ:

Әртараптандыруда технологиялық процестің алатын орны ерекше. Осы жерде жеке сектордың ролі артады. Оңтүстік Кореяны мысалға алайық, 80-ші жылдары мемлекет экономикасын экспортқа бағдарлай бастады. Ал 90-шы жылдары техникалық прогреске басымдық берді. Қазақстан осы елдің тәжірибесін үлгі етіп ала алады.