Астанада отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін артыру мәселелері талқыланды

Отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін артыру – Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыты. Себебі бұл тұтастай ел дамуының көрсеткіші.  Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғалы бұл мәселеге айрықша көңіл бөлініп келеді. Елордада кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері ел бизнесінің халықаралық рейтингтердегі бәсекелестігін талқылады. Ол үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыру, инфрақұрылым, маман даярлау, қаржыландыру мен жаңа технологияларды дамыту жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, кездесу барысында елімізде шағын және орта бизнесті қолдау үшін ендіріліп жатқан жаңа мемлекеттік тетіктер таныстырылды. Бұған қоса мемлекетімізде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының қарқынды дамуы да Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне сәйкес Қазақстанның көрсеткіштеріне оң әсерін тигізбей қоймайды.  Еске салайық, 2017-2018 жылдардың нәтижесі бойынша еліміз 137 ел ішінде 57-ші орынға тұрақтады.

БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, ҚР ҰЭМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Биылғы заңнамаға кешенді өзгерістер еңгізіліп, кедендік, салықтық жаңа кодекстер күшіне енді. Сондай-ақ, бизнеске қатысты толықтырулар болды. Инфрақұрылым бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Құрық портының 2-ші кешені іске қосылды. Бұған қоса қаржылық қолдау мен жеңілдіктер бойынша өзерістер болады.

БАҚЫТ СМЕКЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ұлттық банк қаржы институттарына 654 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті. Олар өз кезегінде жаңа несиелер беру көлемін арттыра түсу жөніндегі міндеттемені орындайды. Біз осы төңіректегі көрсеткіштердің артып келетінін байқаймыз. Егерде өткен жылмен салыстыра қарайтын болсақ, 7 айдың көрсеткіші бойынша жаңа несие беру көлемі 27 пайызға артқан. Бұл жақсы өсім.