2018 жылдың 7 айында Қазақстан экономикасына құйылған каржы көлемі 24%-ға өскен

2018 жылдың 7 айында Қазақстан экономикасына құйылған каржы көлемі 24%-ға өскен

Қазақстан негізгі капиталына тікелей шетелдік ивистиция тарту бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Тек үстіміздегі жылдың алғашқы жеті айында ғана еліміздің экономикасына сырттан құйылған жалпы каржы көлемі төрттен бір есеге артып, 24%-ға өскені байқалады. Сарапшылардың айтуынша, бұл орайда әлі де тау-кен өндірісіне деген инвесторлардың қызығушылығы басым. Жалпы, шетелден тікелей тартылған  бар қаржының тең жартысы экономиканың дәл осы секторға бағытталған.   

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Қазақстан өз экономикасына тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша Орталық Азия аймағында көш бастап келеді. Өңірге құйылған бар шетелдік қаржының 70 пайызы Қазақстанның үлесінде. Бұл оң көрсеткішке қол жеткізу бірінші кезекте еліміздің шикізаттық қорының мол болуы өз септігін тигізді. Бұған мемлекетте жасалған оңтайлы инвестициялық климат пен салықтық жеңілдіктер және инвесторларға өндірістік алаңдардың берілуі де әсер етпей қоймады. Бізде корпоративті салық мөлшері 20 пайызды құрайды. Бұл өзге елдермен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен. Сондай-ақ, Қазақстанда қосымша құн салығы бар болғаны 12 пайызды құрайды.   

Қазақстанның инвестиция құюға аса тиімді мемлекеттердің алдыңғы қатарында болуына өзге де факторлар әсер етуде. Бұл тек қана еліміздің географиялық орналасуына байланысты емес. Қазақстан аймақтық интеграцияға ден қойып,  қаржыны табысты салу үшін бизнестің әлеуетін арттруға басымдық беруде. 

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫҚазақстанның іскерлік климаты жылдан-жылға жақсарып, бізнес жеке кәсіп жүргізудің тімділігі артып келеді. Бизнесті тіркеу, заңдастыру, лицензиялау мен осы текті түрлі қызметтердің уақыты қысқарды. Осының бәрі еліміздің инвестициялық әлеуетін тартымды ете түсуде. Қаржы тартуда бизнестің алатын орны ерекше. Бұл орайда елімізде  шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы зор. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстанның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 25 пайызға жеткенін айтым келеді. Көптеген стратегиялық құжаттарда осы көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу межеленген.