Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі 5,1% құрады

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі үстіміздегі жылдың 7 айында 5,1% құрады. Салалық ведомстводағылардың айтуынша, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде, металлургия және жеңіл өнеркәсіпте оң қарқын тіркеліп отыр. Өндіріс көрсеткіштерінің күрт өсіміне нарықтағы сұраныстың қайта қалпына келуі және жаңа экспорттық нарықтардың ашылуы ықпал кеткен. Атап өтетін болсақ, химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісінің 57%-ға артқаны байқалып отыр. Жыл басынан бері 52 мың тонна өндірілген. Бұған негізінен Еуропалық Одақ және алыс шетелдерге жеткізілімдер көлемінің ұлғаюы сеп болған.

АЛМАС БАТАНОВ, ҚР ИДМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ

– Жыл соңына дейін «Пустынное» алтын өндіру фабрикасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жезқазған мыс балқыту зауытында екінші пеш іске қосылып, келесі жылы мыс өндірісі 2 есеге ұлғайтылмақ.

Машина жасау саласында 16 пайыздық өсім байқалады. Елімізде сатылған әрбір екінші автокөлік өзімізде құрастырылған.