Суармалы егіс алқаптары ұлғаюда - Kazakh TV

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру. Елбасы биылғы Жолдауында осындай міндет қойған. Ауыл шаруашылығының мүмкіндіктері егіс алқаптарының жарамдылығына да байланысты. Осы ретте еліміздегі суармалы егіс алқаптарының көлемін тағы 610 мың гектарға көбейтілмек. Ол үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Мысалы, Алматы облысы Ескелді ауданында 22 мың гектар суармалы алқап бар. Оны ұлғайту үшін биыл ұзындығы 300 шақырымға жуықтайтын ирригациялық жүйелер тазартылмақ. Жаңадан 77 гидроторап салынады.

НҰРЛАН ҚЫРЫҚБАЕВ, ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Осы жұмыстар  аяқталып бітсе, бізде ауданда 4 мың 262 гектардай жаңадан суармалы жерлер жаңартылады. Бұл жақсы көмек, үлкен  жұмыс.

Биыл жетісулықтар майбұршақ, қант қызылшасы, жүгері дақылдарын 5 мың гектарға көбейтті. Бұл дақылдардың өнімділігі жаңа технология арқылы арттырылмақ. Сондай-ақ ауданда күздік бидайға орақ түскен. Бидайы белуардан келетін алқапта өнім өте жоғары. Комбайншылардың айтуынша, әр гектардан 50 центнерден өнім алынуда.

АЛЕКСАНДР ЛЕВШИН, КОМБАЙНШЫ:

 - Көңіл-күйіміз жақсы. Бидай бітік шықты. Мұндай астықты мынадай жаңа техникамен жинау керемет. Өзім қуанып жүрмін.

Биыл облыста суармалы егіс алқаптарының көлемі 5 мың гектарға көбейтіліп, енді 3 жылдан кейін ол 120 мың гектарға жетеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер