Қазақстан 2020 жылға қарай жүк тасымалының көлемін 2 млн контейнерге жеткізуді көздеп отыр - Kazakh TV

Қазақстан 2020 жылға қарай жүк тасымалының көлемін 2 млн контейнерге жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі күні республика өңірлік ірі транзиттік хабқа айналу бағытында жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйісуі маңызға ие, дейді мамандар. Қазақстан аумағымен өтетін жүктердің негізгі бөлігі Қытайдан Еуропаға бағытталатынын атап өту қажет. Еске салсақ, Ляньюньган портынан шыққан поездар Орталық Азия арқылы Түркияға жетеді. Сонымен қатар «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ портынан жүктер Қытайдың Чэнду қаласына жөнелтіледі. Халық Республикасының оңтүстік-шығыс провинцияларынан жүктер Ұлыбританияға 15-17 күнде жеткізіледі. Дамыған инфрақұрылым, көлік-логистикалық орталықтар, жүк терминалдарының құрылуы және айлақтардың кеңейтілуі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін күшейтуге өз септігін тигізіп отыр, дейді сарапшылар. 

ХО ГЁК ЧУ, HUMAN CAPITAL SINGAPORE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның әлеуеті бізді жігерлендіріп отыр. Қазақстаннан Ляньюньган теңіз айлағына жүк не бары 5 күнде, ал одан әрі теңізбен Сингапурге дейін 12 күнде жеткізіледі. Бұл АСЕАН-ға мүше елдердің компаниялары үшін Қазақстан және Орталық Азия нарықтарына кіруге мол мүмкіндіктер ашады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер