2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі жылына 104 миллион тоннаға жетпек - Kazakh TV

2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі жылына 104 миллион тоннаға жетпек. Оның басым бөлігі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сынды елдегі 3 ірі кен орнында өндірілетін болады. Төртінші сығымдаушы компрессор мен бесінші өндіріс іші құбыр желісінің құрылысы да жоспарда бар. Kazenergy қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауовтың айтуынша, мұнай-газ саласы әлі де тікелей инвестициялар үшін тартымды сала болып отыр. Бұдан бөлек, жаңа салық кодексі мен жер қойнаулары жөніндегі кодекс те шетелдік қаржыны тартуға септеспек. Сондай-ақ осы жылы Қазақстанда экологиялық заңнама реформасы да жоспарланған.

ӘСЕТ МАҒАУОВ, «KAZENERGY» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

– Энергетика министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Экологиялық кодекске өзгертулер енгізу тұжырымдамасының жобасы жасалып отыр. Біз қауымдастығымызға мүше  компаниялармен бірге экологиялық кодексті реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеудеміз. Бұл іске кеңесшілерді де тартып жатырмыз. Өйткені экология бойынша төленетін қаражатқа байланысты инвесторларда біраз сауал туындап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер