Қазақстанда көлік сатып алған әрбір екінші адам отандық автокөлікті таңдайды

Қазақстанда көлік сатып алған әрбір екінші адам отандық автокөлікті таңдайды. Еліміздің автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алфёровтың айтуынша, қазақстандық техникаға деген сұраныс өндіріс қарқынына зор ықпалын тигізді. Мәселен, жеңіл автокөлік өндірісі шамамен 80 пайызға артып, 14 мыңға жуық машина өз тұтынушысын тапты. Ел тұрғындары отандық автокөлік сатып алу үшін 71 миллиард теңге жаратқан. Қазақстандық автокөлік нарығының дамуы арқасында ел бюджетіне түсетін салық көлемі де едәуір өсті. Соңғы жарты жылдың қорытындысы бойынша, бұл төлемдер көлемі 4 миллиард теңгеге жетіп қалды.

ОЛЕГ АЛФЁРОВ, «ҚАЗАВТОӨНДІРІС» АВТОМОБИЛЬ САЛАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Соңғы жарты жылдың қорытындыларын алып қарасақ, отандық автокөлік сатылымы 2 есе өсті. 15 мыңға жуық техника шығарылды. Олардың жалпы құны 88 миллиард теңгеден асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 76 пайызға артық.