Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту - Kazakh TV

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысына электронды сауда және  блокчейн технологияларды белсенді енгізу керек. «FEMOZA – Дүниежүзілік арнайы экономикалық аймақ федерациясының» президенті Хуан Торрентс осындай ойын ортаға салды. Астанада арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының IV съезінде «Жаңа жібек жолының цифрлық парктері» атты жобасы да таныстырылды. Оның аясында Қазақстан электронды сауданың орталығы ретінде қарастырылады.

ХУАН ТОРРЕНТС, «FEMOZA – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ» ПРЕЗИДЕНТІ

 - Қазақстан қажетті инфрақұрылымның дамуына үлесін қоспақ. Өйткені Қазақстан өте сәтті жерде орналасқан. Бұл сіздердің елдеріңіздегі арнайы экономикалық аймақтардың артықшылығы деп ойлаймын. Осыны тиімді қолдану керек. Аймақтардың жұмысына жаңа технологияларды енгізу қажет.

Сондай-ақ  жиында кедендік рәсімдерді жеңілдету шаралары, Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы кедендік жеңілдіктерге ықпалы сынды мәселелер  сөз болды. Қазіргі таңда елімізде 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар елге шетелдік инвестиция тартуға жағдай жасап отыр. жалпы арнайы экономикалық аймақтар құрылғалы 170-тен астам жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер