KASE сауда көлемі артты

Қазақстандық компаниялардың тартымдылығы артуда. Бүгінде отандық кәсіпорындардың акциясына сұраныс артып келеді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана құнды қағаздар нарығында сауда көлемі 2 есеге артып, 1,5 миллиард теңгеге жақындады. Оған қоса 7 жаңа компания құнды қағазын сатты. Акциялар көтеріліп, құнды қағаз иелері 23-тен 65%-ға дейін табыс таба алды. KASE сарапшыларының пікірінше, бұл өсім әлі де жалғасады.

АНДРЕЙ ЦАЛЮК, «ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Нәтижесінде инвесторлардың назары артып отыр. Бұл шын мәнінде өте тартымды әрі қызықты. Неге дейсіз ғой? Өйткені 2-3 жылдан кейін депозиттер бойынша қазіргі мөлшерлеме және құнды қағаздардан түсетін табыс әлдеқайда төмендеп кетуі мүмкін, мысалы, жылына 6%. Ал мына жерде Қаржы министрлігінің құнды қағаздарын сатып алып, нақты кіріс табуға болады.