Қазақстан мен Ресей аймақтарының сауда-экономикалық байланыстары - Kazakh TV

Қазақстан мен Ресей аймақтарының өзара ынтымақтастығы 2 ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көкжиегін кеңейтті. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 25 миллиард теңгеден асып жығылған. Қос тарап арасында инвестициялық ынтымақтастық та арта түскен. Омбы облысы және Петропавл кәсіпкерлері ауылшаруашылығы, химиялық өңдеу, денсаулық сақтау сынды бірнеше салада ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаласты. Жалпы, бүгінгі күні солтүстікте Ресейлік капиталдың қатысуымен 200-ге тарта ірілі-ұсақты кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр.

ВЛАДИМИР ТИХОВСКОЙ, КӘСІПКЕР, ОМБЫ, РФ:

-  Біздің компания қазір көктайғаққа қарсы жаңа инертті материалдарды шығара бастады. Ең бастысы экологияға кері әсерін тигізбейді. Тың технологиямен дайындалады. Енді оны Қазақстан нарығына шығармақ ойымыз бар. Бұл бағытта әкімдікпен көліссөздер жүргізіп жатырмыз. Болашақта ортақ шешімге келіп, серіктес атанамыз деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер